Шымкенттік полицейлер пара берудің 14 әрекетінің жолын кесті

07 желтоқсан, 01:28

Оңтүстік мегаполис полицейлері 2021 жылдың басынан бері бірқатар пара беру фактілерін тіркеген.

Параның негізгі бөлігі полиция қызметкерлеріне әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктен жалтару үшін ақша ұсынған құқық бұзушыларға тиесілі.

Шымкенттік полицейлер ішкі қауіпсіздік басқармасына пара беру әрекетін дер кезінде хабарлап, жемқорлықтың жолын кесті.

Аталған фактілер бойынша Шымкент ҚІІБ-нің ішкі қауіпсіздік басқармасы ҚР ҚК-нің 367-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

Оның ішінде 4 қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданды, сот үкімі шығарылды. Қалған қылмыстық істер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.