19 қазан, 00:26
Туристерге ақпарат беру үшін іске қосылған «Visit-Shymkent.kz» бағдарламасы мен сайтының пайдаланушылар саны күн сайын артып келеді.
Қазіргі уақытта туристік порталда қаланың 300-ден астам туристік компаниялары, агенттіктері мен нысандары бар.
Портал арқылы түрлі мәдени іс-шараларға 38 414 билет сатып алынды.
Сайттың іздеу жүйесін шамамен 72 мың адам пайдаланды. Қолданушылар қатарында Қазақстан Республикасының ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінің және шетелдің азаматтары да бар.
Жалпы, бүгінде бағдарламаны пайдаланатындар саны 1000-ға жуық, ал көрсетілген қызметтердің саны 130 мыңнан асты.
Бұл жоба қала тұрғындары мен қонақтарына тарихи-мәдени нысандардағы түрлі іс-шараларға, соның ішінде театрландырылған қойылымдарға алдын ала тапсырыс беруге және онлайн билет сатып алуға, қалаға ұшу кестесін көруге, ұшақтар мен пойыз билеттерін сатып алуға, экскурсоводтар қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.
Әсіресе, пандемия кезінде платформаның танымалдылығы артты, бұл үйден шықпай-ақ онлайн қызмет алуға ықпал етті.