07 қыркүйек, 11:27
Түркістаннан, Шымкенттен және Кентаудан қырыққа жуық ерікті қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов мұражайында болды.
Сазгермен аттас ауыл ғашықтардың әнұранына айналған атақты композитор ән салған Арыс өзенінің жағасында орналасқан.
Арыс өзені-ауыл тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны. Өкінішітісі жастардың соңынан ол жерді тазалауға табиғат жанашырлары кірісті.
Бұл жолы олар экологиялық тазалаумен шектелмеді: музыканттың мұражай-үйіне барып, Шәмшінің әндерін шырқады. 1965 жылы шыққан винилді пластинканың музыкалық ойнатқышы мұражай қорына сыйға тартылды. Мұражай үйінің ауласында жас көшеттер отырғызылды.
Екі сағаттық жұмыстан кейін табиғат қорғаушылар аудандық мәдениет сарайы әртістерінің орындауындағы музыкалық шығармаларды тыңдады.
Автор:
Elitar.kz