Бұл жайлы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов мәлім етті.
Жыл басынан бері Абай ауданында бірқатар ауқымды жұмыс атқарылды. Атап айтқанда: инвестиция, санитарлық тазалау, ашық спорт алаңдарын салу, арыз-шағымдарды азайту, аулаларды абаттандыру, «Икомек» орталығы арқылы түскен арыз-шағымдарды орындау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды қамтамасыз ету. Б.Парманов аудан аумағында шағын және орта бизнес саласындағы инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізіліп, 60 жоба анықталғанын айтты. Инвестициялық жобалардың құны шамамен 25 млрд теңгені құрайды.
Оның ішінде тоғыз айда 16 млрд теңгеге 30 жоба тіркелді. Қалған 9 млрд теңгені жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, шалғайдағы 10 елдімекенге инфрақұрылым тартудың өзекті мәселесі жүйелі түрде шешілуде. 2020-2021 жылдары ауыз суға 9,9 млрд теңге, электр энергиясына 3,4 млрд теңге, көгілдір отынға 767 млн теңге бөлінді.
Өткен жылы басталған қарқынды құрылыс жұмыстарының нәтижесінде 2022 жылы Абай ауданында су, жарық және көгілдір отын мәселесі 100 пайызға шешілетін болады. Құрылыс жұмыстарының енгізілуіне байланысты арыз-шағымдар да азайған.
Қала әкімі әр елдімекеннің тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстар туралы есеп беруді, құрылыстың кестеге сәйкес уақытында аяқталуын қатаң қадағалауды тапсырды.