Кентау қаласындағы "Кентау Трансформатор зауыты АҚ" алдағы уақытта монтажы дайын әлемде теңдесі жоқ екі роботты іске қосқалы отыр. Қыркүйек айының соңына таман Украина мен Швецариядан арнайы мамандар келеді. Олар алынған роботализмдік техниканы іске қосады. Екеуінің жалпы құны 1 млрд теңгеден асады. Оның 50 пайызын грант есебінен мемлекет қаржыландырған. Бұл робот кәсіпорынның инжинерлер мен техконструкторларының тапсырысымен жасалған. Біреуі дәнекерлеу ісін атқарса, екіншісі робот шихтофка.Ол трансформатордың ішіндегі магнитсымдарды жинайды. Аталған робот кешенде 50 адамның қызметін ауыстырады. Екіншісі 80 қызметкердің орнына қызмет көрсете алады. Дәнекерлеу ісі барысында адам 16-18 сағатты жұмсаса ,бұл робот берілген тапсырманы жарты сағаттың ішінде аяқтап тастайды. Осылайша, еңбек өнімділігі қанша есе күшейеді. Бұл роботтарды алуға жәрдемдескен үкіметімізге алғыс білдіреді. "Бұл біздің кәсіпорынның одан әрі дамуына өз ықпалын тигізеді деген сенімдеміз. Осы күннің өзінде біздің тапсырысымыз көп" , - дейді зауыттың төрағасы Хайрулла Қожабаев.