Бұл хикаяда – сюжет те, кейіпкерлер де, ситуация да тамаша.
Шымкент қаласының тұрғыны жоғары білім аламын деп көп үміттенгенімен, неге екені белгісіз, 4 жыл бойы университеттің қабырғасында оқығысы келмеді. Сондықтан құжатты сатып алуды шешіпті. Өздеріңіз білетіндей, сұраныс ұсынысты тудырады. Және бір тамаша күннің бірінде ол жоғары білім алу арманын орындаймын деп 196 000 теңгені бейтаныс қызға береді. Ақшаны алаяққа бергенін түсінгенде арыз жазып полицияға жүгінеді.
Полицейлер арызды «алаяқтық» бабы бойынша тіркеген. Күдіктінің жеке басын тәртіп сақшылары тез арада анықтап, оны тез арада полицияға жеткізді.
Ұсталған азамат қылмысын мойындады. Ал полицейлер оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтады.
Полицейлер қылмыстық тізбектің буынына айналмауға және құжаттарды, әсіресе жоғары білім туралы дипломды сатып алмауға шақырады.