Шымкент басқа облыстарға қашан үлгі бола алады?

16 қараша, 13:58

Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин Шымкенттегі өндіріс процестерін автоматтандыру басқа өңірлерге үлгі болуы керектігін атап өтті.

Айта кетейік, 16 қарашада Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен жоғары білім беру сапасын арттырудан бөлек, шалғайдағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды.

2025 жылдың соңына дейін халықты таза ауыз сумен қамтуды 100 пайызға жеткізу жоспарлануда. 2021 жылдың соңына қарай қалаларды ауыз сумен қамту 98%-ға жетеді.

Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында өндірістік процестерді автоматтандыру мен есепке алу аспаптарын орнатудың арқасында тұрғындардың қаражаты үнемделді, су мен техникалық қызмет көрсетуге кететін шығындар қысқарды. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі осындай шараларды еліміздің басқа өңірлерінде де қолдану қажеттігіне назар аударды.

Саланы автоматтандыру және инновациялық технологияларды пайдалану бойынша жұмыс қарқынын арттыру қажет.

Айта кетерлігі, Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі 2023 жылға дейін толық шешілетін болады.