Шымкенттің басты көшелерінің бірі Республика даңғылы. Ондағы көше шамдарының әбден тозығы жеткен, сондықтан жарықдиодты шамдарға ауыстырылды.
Түнде олар даңғылды екі есе жарықтандырады, өйткені олардың қуаты 30 есес артық.
Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін даңғыл бойындағы бағаналарға 296 шам, жаяу жүргіншілер өткелдеріне 148 жаңа шам орнатылды.
Бұл жұмыстарды мердігер «ABM Building 2007» компаниясы жүргізуде.
2023 жылға қарай мегаполис көшелерінің жарықтандырылуы 70 пайызға жаңарады.