Валюта:
  • USD / KZT - 546.36
  • EUR / KZT - 630.44
  • RUB / KZT - 6.7

    Петропавлдағы ЖЭО-2-де жұмысшы қаза тапты

    09 қараша, 08:42

    Петропавлда ЖЭО-2-де темір арқалық құлап, 21 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Elitar.kz .

    21 жастағы жігіт жұмыс орнында зардап шекті. Ауруханаға жатқызылған ол 7 қарашада өмірге сәйкес келмейтін жарақаттан қайтыс болды.

    Ашылған қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» санатына ауыстырылды.