28 қыркүйек, 22:54
Байқау номинациялары бойынша жеңімпаздарды қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов марапаттады.
Байқауға 6 бағыт бойынша қала тұрғындарынан 70-тен астам жоба келіп түсті: БАҚ, ІТ-жоба, шығармашылық сәулет, туризм саласындағы шығармашылық қызметтер, қала қолөнерінің бренді және гастрономия. Комиссия қорытындысы бойынша үздік жобалар анықталды, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
«Шымкент қаласының қолөнері мен бұйымдарының жаңа орталығы» жобасын таныстырған Бейісбеков Болатбек «Қаланың үздік қолөнер бренді» аталымында жеңіске жетті, ал Бәйділбаев Ерназар «Virtual tour Shymkent» - «IT» номинациясы бойынша жүлдегер атанды. Махмұдова Насиба «Shymkent city Complex» жобасымен шығармашылық архитектура бағытындағы үздік жоба номинациясында жеңіске жетті.
«Үздік гастрономия» номинациясы бойынша Ниязбек Дәулет «Фуд-корт темір жолы» жобасымен, «Туризм саласындағы шығармашылық қызметтер» номинациясын Сембай Жасұлан жеңіп алды. Сарман Лаура «Медиа» бағыты бойынша үздік жобаға ұсынылды.
Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.
Іс-шара аясында қалалық Туризм мен сыртқы байланыстар бөлімі , Нұр-Сұлтанның Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту департаменті, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы, М,Әуезов атындағы ОҚМУ , сондай-ақ «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы мен «Тараз туризмі» және «OCA TRAVEL» туристік агенттігі арасында екіжақты келісімшартқа қол қойылды.