Шымкенттік полицейлер есірткі бейнеленген заттарды не себепті сатуға тыйым салынғанын айтты

08 қараша, 11:06

Енді кез келген есірткінің суреті бар заттарды сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Шымкент қалалық ТЖД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, қаланың сауда орындарында есірткі заттарын насихаттау мен жарнамалаудың алдын алу және жолын кесу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді.

Сатушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 423-бабына сәйкес, «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 300, үшiн орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 500 мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 1000 АЕК мөлшерiнде лицензиядан айырумен немесе қайтарып алусыз.

Бұл бағыттағы жұмыстарды полицейлер тұрақты түрде жүргізетін болады.