Құрылыс материалдыры үшін айыппұл төлейді

11 қараша, 16:37

Шымкентте абаттандыру ережесін бұзған ЖШС-і жауапкершілікке тартылды.

Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары рейд барысында Қазыбек би көшесіндегі аялдама жанындағы жол бойында құрылыс материалдарын түсіру фактісін анықтады.

Тексеру барысында абаттандыру ережелерін бұзушы аталған аумақта құрылыс жұмыстарын жүргізген ЖШС екені анықталды.

Аталған факті бойынша құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Шымкент қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қала тұрғындарын қала тазалығын сақтауға шақырады, сонымен қатар абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады.