Шымкент пен Түркістан мақтадан жасалған мата өндірісінен алдыңғы қатарда

05 қазан, 11:55

Мақтадан жасалған матаның үлесі артты. Биыл қаңтар мен тамыз аралығында елде жалпы сомасы 42,7 миллиард теңгеге мата өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ке көп. Қазақстан бойынша өнімнің жартысына жуығы оңтүстік өңірде жасалған. Атап айтсақ, Шымкент пен Түркістанда. Үздік үштікке Алматы облысы да кіреді. Отандық фабрикалар матаның басым бөлігін мақтадан жасаған. Ал жүннен тоқылатын немесе тігілетін тауар өндірісі 30%-ке азайып кетті. Сондай-ақ киіз бен киізден жасалатын тауарлардың да өндірісі 13,5%-ке кеміген