Валюта:
  • USD / KZT - 511.92
  • EUR / KZT - 588.91
  • RUB / KZT - 6.44

    Шымкентте аптасына 3 рет азық-түлік жәрмеңкесі өтуде

    24 қыркүйек, 22:43

    Жәрмеңкеге қаланың кәсіпкерлері мен Түркістан облысының Төлеби,Түлкібас, Сайрам, Ордабасы, Отырар аудандарының 200-ден астам тауар өндірушілері қатысуда. Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтары өз өнімдерін нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сатады.‎
    ‎Қала тұрғындары ет және сүт өнімдерімен қатар бақша өнімдері мен жеміс-жидектерді делдалдарсыз сатып алу мүмкіндігіне ие болды.‎

    ‎Айта кетейік, апта сайын сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері жәрмеңке «Фосфорник» мәдениет үйінің жанында, Қажымұқан атындағы Орталық стадионның, «1000 үшбұрыш» дүкенінің және «Рахима Плаза» сауда орталығының жанында өткізіледі.