Түркістан облысы бойынша праймеризге қатысушылардың ең жасы - 19 жастағы бойжеткен. Ереже бойынша 20 жасқа толған Қазақстан азаматы қатысу керек болса, сайлау басталғанға дейін 20 жасқа толамын деп студент қызығушылық танытып, бағын сынауға ниет білдірген. Ал, жас шамасына қарай ең үлкені - 70 жастан асқан үміткер.
"Бастысы қоғамға пайдасын тигізіп, халықпен тығыз байланыс жасай алатындар жеңсе",- дейді «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев.
Айта кетейік, праймеризге тіркелу 17-28 тамыз аралығында болған. Түркістан облысы бойынша 1144 азамат өтініш берген. Праймериздің 5 кезеңінің 3 кезеңі аяқталған. Енді алда үгіт-насихат пен дебат күтіп тұр. Қазіргі таңда жеребе тасталған. Осы арқылы кіммен-кім дебатқа шығып, пікір сайыс алаңында жұптасатыны анық болады. Оның тізімі де тізіліп қойған. Алдағы аптадан бастап 30 қыркүйекке дейін дебат пен үгіт-насихат жүргізіледі. Ары қарай 1-3 қазан аралығында дауыс беру өтеді. Карантин тәртібін сақтай отырып, дауыс беру кезеңінің басым бөлігі онлайн режимде өткізіледі. Бұл дегеніміз Түркістан облысында партияның 80 мың мүшесі болса, оның 70 мыңы онлайн дауыс беру мүмкіндігіне ие болмақ. Ол үшін 209 орындық компьютер дайын. Сол арқылы база арқылы дауыс беріледі. Қорытындысы 30 қазан күні 14:00-ге дейін дауыс беру тәртібі өтеді. Одан кейін дауыс берудің нәтижесі 3 қазаннан кейін қосымша жарияланады.