Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың төрағалығымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Мәжілісте үйлестіру кеңесінің мүшелерімен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары мен қолжетімді орта құру мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сонымен қатар, еңбекке қабілетті мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі бойынша Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Оның айтуынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен облыста жыл басынан 1152 мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылған. Олардың ішінен 332 адам тұрақты жұмысқа, 820 адам уақытша жұмысқа орналасты. Алдағы уақытта мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау үшін бюджеттен бөлінген 4,6 млрд теңгеге оларды 37 324 көмекші құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамту күтілуде.