Облыс орталығы Түркістанның орталық даңғылдың бірі Б. Саттархановтан айналма жол салынғаны белгілі. Бүгінгі таңда құрылысы жүріп жатқан "Керуен сарай" кешені жанынан салынған айналма жолдан Тауыс құсының (Павлин) бейнесі жасалды.
⠀Жер бетіндегі ең әдемі құстардың қатарында саналатын Тауыс құсы облыс орталығына келуші қонақтардың назарын аударары сөзсіз. Жалпы, айналма жолдың диаметрі 60 метр болса, тауыстың биіктігі 7,5 метрді құрайды.