Елімізде қазан айының алғашқы жексенбісі - Ұстаздар күні. Осы мақсатта, қала әкімі Рашид Аюпов "Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік" атты шараға қатысты.
"ZOOM" форматында өткен кездесуде оқушылар ұстаздарға ән арнаса, ардагер мұғалімдер қызметке жаңадан келген, ант беру рәсіміне қатысқан жас мамандардың қызметтеріне табыс тіледі. Шара соңында Рашид Абатұлы мұғалімдерге ән арнаған мектеп оқушысына өз галстугын сыйға тартып, болашақта мықты маман болып, елімізді дамытуға үлес қосуына тілектес екендігін жеткізді.