​ Түркістан облысы - экологиялық құқық бұзушылықтар арасында үшінші орында

16 қыркүйек, 10:33

2020 жылдың қаңтар–тамызында елде 459 экологиялық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 2,1 есе аз. Өткен жылдың дәл осы кезеңінде 974 құқық бұзушылық тіркелді. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10,7%-ға қысқарды, деп хабарлайды ranking.kz.

Жеті айдың қорытындысы бойынша экологиялық құқық бұзушылықтардың ең көп саны Атырау облысында тіркелді: 73 жағдай — бір жыл бұрынғыға қарағанда 14,1% - ға артық.

Табиғатты ластаушылар санатының басты үштігіне Батыс Қазақстан (49 жағдай, плюс 19,5%) және Түркістан (48 жағдай, минус 26,2%) облыстары да кірді.

Қылмыстық кодекстің экологиялық құқық бұзушылық бабы бойынша 2020 жылғы қаңтар-тамыз аралығында оқыс жағдайлар саны - 35,9% . Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлері бойынша шағым түскен. Есептегенде соңғы 8 айда 165 құқық бұзушылық орын алған. Пайыздық көрсеткішпен қосқанда 36,4% құрайды. Тағы 29,2% немесе 134 құқық бұзушылық балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау бойыша тіркелді. Оның ішінде 14,2% — заңсыз аң аулау, 65 - құқық бұзушылық болған.