Шымкентте 650 миллион теңгеге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды.
Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу басқармасы азамат А.С.-ның бюджетке салық төлемеу фактісін анықтады.
А.С., «Нуклеар Инжиниринг» ЖШС басшысы бола тұра, 2017-2019 жылдар аралығында салық декларациясына кірістер мен шығыстар туралы әдейі бұрмаланған мәліметтерді енгізген. Одан бөлек басқа да салық салу объектілерін жасырып, 11 серіктестікпен өзара есеп айырысу үшін жалған шот-фактураларды пайдаланған. Оның бәрі сотпен жарамсыз деп танылған.
Соның салдарынан мемлекетке бюджетке 657 миллион теңгеден астам салықты төлемеу түріндегі залал келтірілген.
А.С. сотталған, сонымен қатар одан келтірілген шығын сомасы өндірілді.