Валюта:
  • USD / KZT - 520.39
  • EUR / KZT - 609.58
  • RUB / KZT - 6.63

    Шымкенттегі антиковидтік төсек-орынның 36 пайызы бос емес

    30 қыркүйек, 09:41

    Шымкентте өткен тәуліктекороновирус инфекциясының 126 жаңа жағдайы анықталды. Олардың 15-інде клиникалық белгілері жоқ. Ауру жұқтырған 52 адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, 74 адам үйінде бақылауға алынды.

    Бүгінгі таңда Шымкент қаласының мамандандырылған жұқпалы аурулар ауруханаларында 1413 төсек-орын болса, соның 36% бос емес. 901 төсек бос. Жұқпалы аурулар ауруханасында 512 науқас, жансақтау бөлімінде 257 төсек, 87 науқас емделіп жатыр.

    Бұл ретте қала бойынша тәулігіне 5764 адам егілді (І құрамдас бөлік-3032, II компонент-2732). Екпе науқаны басталғалы барлығы 524 105 адам екпе алды. Оның ішінде 423 455 адам екі вакцина компонентін алды.