Шымкентте 5 көшеде оң жақ өткелдердің құрылысы аяқталды

06 желтоқсан, 13:57

Жалпы, қалада 45 жол учаскесінде оң жақ өткел жоқ. Биыл жоспар бойынша 8 көшеде 10 жерде оң жақтан шығатын жолдарды салу жұмыстары басталып кетті.

Бұл өткелдер қаладағы көлік кептелісін болдырмауға көмектеседі.

Қазірдің өзінде Смырған тас-Темірлано тас жолы, Арғынбеков-Өтегенов, Рысқұлов-Шаяхметов, Рысқұлов-Қазиев, Шаяхметов-Арғынбеков көшелерінің қиылысында құрылыс аяқталып, жол белгілері орнатылды.

Сыпырған ата – Әл-Фараби, Рысқұлов – Адырбеков және Арғынбеков – Бәйтереков көшелерінің қиылысындағы оң жақ өткелі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.