Балаларды егу. Сұрақ-жауап

02 желтоқсан, 17:42

«Pfizer» қай жерде егіледі?

12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді егу білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде жүргізіледі, ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша жасөспірімдер медициналық ұйымдардың егу пункттерінде егілуі мүмкін. Мектептің еншілес медициналық ұйымы жасөспірімдерді вакцинациялау үшін егу топтарындағы медицина қызметкерлерін оқытуды қамтамасыз етеді.

Вакцина қалай сақталады?

Вакцинаның әртүрлі сақтау және тасымалдау деңгейлерінде қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін суық тізбек қарастырылған. Pfizer вакцинасы минус 60-90°С температурада облыстық денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларында сақталады. Білім беру ұйымдарының және медициналық ұйымдардың егу орталықтарында ол күнтізбелік 31 күнге дейін плюс 2-8 ° C температурада сақталады.

Вакцинациядан кейін қандай реакциялар болуы мүмкін?

Сарапшылардың пікірінше, вакцинациядан кейін келесі күтілетін реакциялар болуы мүмкін:

- ауырсыну, инъекция орнында ісіну, шаршау, бас ауруы, бұлшықет ауыруы, буындардың ауыруы, қалтырау, диарея, безгегі. Аталған реакциялардың кейбірі ересектерге қарағанда 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерде біршама жиірек болды; инъекция орнында қызару, жүрек айнуы, құсу; лимфа түйіндерінің ұлғаюы, әлсіздік, қолдың ауыруы, ұйқысыздық, инъекция орнында қышу, бөртпе немесе қышу сияқты аллергиялық реакциялар және т.б.

Вакцинациядан кейін медициналық көмекке жүгінуім керек пе?

Иммунизациядан кейін жағымсыз әсерлер болған жағдайда ған

Pfizer вакцинасы кімдерге салынбайды?

Pfizer вакцинациясына қарсы көрсеткіштері бар адамдарға

- белсенді затқа немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия; жұмыртқаға немесе желатинге аллергияның болуы вакцинацияға қарсы көрсетілім немесе ескерту болып табылмайды, өйткені вакцинада бұл компоненттер жоқ.

- 12 жасқа дейін;

- жүктіліктің 16-шы аптасына дейін.