27 қыркүйек, 22:52
Қазіргі уақытта Шымкентте А-2 «Алматы-Ташкент» республикалық автожолының 710 шақырымына (телемұнара маңы) көпір салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Айналма жолдағы көпірдің құрылысына байланысты көлік қозғалысы жартылай шектеледі деп хабарлады
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкент ҚІІБ Әкімшілік полиция басқармасымен келісілген схема бойынша 2021 жылдың 28 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында Ташкент бағытында жолдың осы аймағында қозғалысты ішінара шектеу жоспарланып отыр.
Әкімдік тұрғындарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады.