Арыста қазір өрт ошақтары жоқ

25 маусым, 18:00

Бұл туралы Elitar.kz тілшісіне ТО ТЖ департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов айтты.

Департамент басшысының мәліметінше, Арыс қаласында орын алған ТЖ салдарын жою мақсатында ТЖД-нен 363 қызметкер мен 49 техника жұмылдырылған. Бүгін 25 маусым, сағат 14:00-дегі ақпарат бойынша Арыс қаласында ТЖ қызметімен 45 өрт ошағы сөндірілді. Оның ішінде 21 тұрғын үй, 9 ауыл шаруашылығы құрылыстары, 19 дала өрттері.

Кешелі бері 39 мыңнан астам адам өздері эвакуацияланған. Және 3566 адам автобустармен эвакуацияланды. 1946 адам Түркістан облысы мен Шымкенттің эвакопунктінде орналасқан. "Қауырт желі", СМС хабарламалар арқылы жоғалған адамдар бір-бірін тауып жатыр. Әлі де жұмыстар жүргізілуде.

"ПД патрудьдық қызмет жүргізуде. Өрт оқиғалары болса штабқа хабарлауда. Жоғалғандар туралы нақты дерек жоқ. Кеше осында қалып қойған қарияны таптық. Өз салам бойынша айтсам, 7600 үйде өрт сөндірілді. Қазір өрт ошақтары жоқ. Екі техника дала өртін барлауға кетті. Әзірге өрт туралы жаңа дерек жоқ. 400 полицей, 580 Ұлттық гвардия жұмыс істеуде. Тұрғындардың қалаға кіруіне тиым салынған. Жарылмаған снарядтар бар. Қирау алдындағы үйлер бар. Қауіпті. Нақты қашан рұқсат берілетіні белгісіз. 115 сапер жұмыс істеуде. Миналардан тазартылған соң хабарланады»,-деді Түркістан облысы ТЖ департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов.