Алматыда ірі екі жол-көлік апаты орын алды. Мегаполистің орталығында бірнеше автобус соқтығысып, біреуі алаңға шығып кетті, деп хабарлайды Elitar.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Алғашқы апат Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында болды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 15 адам зардап шекті. Бұл туралы полиция хабарлады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, зардап шеккендердің қалғандарына қазір медициналық көмек көрсетілуде.
Жолаушылар көлігінің қатысуымен болған тағы бір апат – Абай даңғылында троллейбус пен автобустың қатысуымен болды. Зардап шеккендер жоқ. Алайда апат салдарынан жол уақытша жабылды.
Яндекс.Трафик қызметінің мәліметінше, мегаполисте 10 балдық кептеліс бар.
Айта кетейік, қазір Алматыда қар жауып, жаңбыр жаууда. Жүргізушілерге жолда сақтық шараларын сақтау ұсынылады.