Ақпарат министрі Шымкент тұрғындарымен кездесті

05 қараша, 23:26

Ақпарат және қоғамдық даму министрі шымкенттіктермен кездесті, деп хабарлайды Elitar.kz Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

Дархан Қыдырәліге сұрақ қоюға ондаған қала тұрғыны келді. Шымкенттіктерді өңірлік БАҚ-тың жай-күйі, телеконтенттің дамуы қызықтырды, сонымен қатар жастар саясаты мәселелерін қозғады.

Белсенділерді жастарға берілетін жеңілдетілген несие қызықтырды. Министр бір жарым сағат бойы сұрақтарға жауап беріп, кейін жеке қабылдау өткізді. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесулерде журналистердің мәртебесі туралы айтылды.

Дархан Қыдырәлі айтқандай, «Қазіргі таңда жастар туралы жаңа заң қабылданып жатыр, ол Мәжілістен өтіп, Сенатқа жолданды. Заң жобасы бірқатар мәселелерді, соның ішінде «NEET жастар санаты» ұғымын заңнамада бекіту туралы ұсынысты қамтиды. Сондай-ақ, бұл заң жобасы жастар санатын анықтауды қарастырады», - деді министр.

Дерек көзі: фото - Otyrar.kz