Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман ведомство отырысында алдағы 20 қарашадағы президенттік сайлауда сайлау бюллетені қандай болатыны туралы айтып берді.
"Сайлау бюллетеніне Тегі, Аты, Әкесінің аты көрсетілген барлық тіркелген кандидаттар, мемлекеттік тілдің алфавиттік тәртібімен және "барлығына қарсы" жолы енгізіледі", – деді Мұхтар Ерман.
Осылайша, тәртіп келесідей болады:
Әбден Қарақат;
Әуесбаев Нұрлан;
Дайрабаев Жигули;
Қажыкен Мейрам;
Тоқаев Қасым-Жомарт;
Тұрсынбекова Салтанат;
"Барлығына қарсы" жолы.
"Сайлау бюллетеньдері сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1% резервімен дайындалады. Сайлау бюллетеньдері учаскелік сайлау комиссияларына сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1% резервімен сайлауға дейін кемінде 3 күн бұрын және кемінде 1 күн бұрын жеткізіледі.
Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жай мөрленеді және ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылады. Барлығы 11 млн 950 мың 485 сайлаушы. Осылайша, резервті қоса алғанда, сайлау бюллетеньдерінің саны 12 млн 69 мың 990 дана", – деп түйіндеді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.