Тоқаев "рақымшылық туралы" Заңға қол қойды: БАҚ Жанболат Мамайдың да бостандыққа шығатынын хабарлады

02 қараша, 17:08

Мемлекет басшысы "рақымшылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Естеріңізге сала кетейік, президент 1 қыркүйектегі Жолдау кезінде қаңтар оқиғаларына қатысушыларға рақымшылық жасау туралы айтқан болатын. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қаңтар оқиғаларына қатысушыларға рақымшылық жасалды. Бұл шамамен 1,5 мың адамға қатысты болады. Оның ішінде Жанболат Мамай да бостандыққа шығады деп жазады БАҚ өкілдері.

Террористік, экстремистік, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекетке опасыздық, азаптау, қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы кезінде, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырған, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар жасаған адамдар рақымшылық жасауға жатпайды.