Мамандар қала тұрғындарын серуендегенде және пикникке барғанда мұқият болуға шақырады. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандарының айтуынша, бүгінгі таңда КҚҚБ алдын алу мақсатында 1896 кене жиналды.
Зертханада жүргізілген 151 сынаманың төртеуі Конго-Қырым қызбасының оң нәтижесін берді.
Алайда, мамандар абай болуға шақырады. Жұқпалы кенелер Шымкент қаласының Абай және Әл-Фараби аудандарының аумағынан табылды.Өткен жылы Қазақстанда Конго-Қырым қызбасынан 2 адам көз жұмды.
Осы екі
жағдай да еліміздің оңтүстігінде —
Қызылорда және Түркістан облыстарында
тіркелді.