​Өзбекстанда әлеуметтік желілер қайтадан ашыла бастады

16 қаңтар, 12:02

Араға 4 ай салып Өзбекстанда Facebook, YouTube және VK желілері жеңіл ашыла бастады. Сейсенбіден бастап бұл әлеуметтік желілер көрші елде қандай да бір арнайы қосымшасыз пайдаланылуда. Бұған дейін сағат шамамен 10:25-тен бастап кейде-кейде сыртқы интернет-каналға қосылу мүмкіндігі толық жабылғаны байқалған-тын.

Өзбекстандағы интернет-қолданушылар күзден бастап бұл әлеуметтік желілерге тек арнайы VPN қосымшалары арқалы ғана қосылып жүрген. Желілердің қолжетімсіздігінің себебі әлі күнге дейін белгісіз (ресми тұлғалар мұны телекоммуникациялық құрылғылардың жаңартылуымен және Интернет-корпорациядағы атаулар мен нөмірлер беретін криптографикалық кілттің (ICANN) ауысуымен түсіндірді).

Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрлігінің өкілдері әлеуметтік желілер бұғатының ашылғанын растады, дегенмен, қанша уақытқа екенін нақтыламады.
Өзбекстанның былтыр күзде қабылданған 2019-2021 жылдарға арналған инновациялық даму стратегиясында халықаралық телекоммуникациялық желілерге қосылуды либерализациялау туралы тармақ бар. Қазіргі таңда мұндай құқық мемлекеттік ұялы байланыс операторы UMS-ке ұсынылған.
Айта кету керек, тек Өзбекстанда ғана емес, Қытайда да әлеуметтік желілерге VPN қосымшаларсыз қосылу мүмкін емес еді. Қытайда, мысалы, әлеуметтік желілердегі өз парақшаңызды ашу немесе YouTube желісінен ролик көру үшін осы бағдарламаны тартып, орнату керек болатын.