​Зомбылық әрекеттерін хабарламағаны үшін мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне айыппұл салынуы мүмкін

12 наурыз, 14:57

​За недонесение о насилии над детьми хотят ввести штрафные санкции для педагогов и медработников. Об этом заявила депутат мажилиса Светлана Бычкова, по мнению чиновницы так можно быстрее искоренить данную проблему.

Балалар тап болған зорлық-зомбылық әрекеттер туралы хабарламағаны үшін мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне айыппұл салу ұсынылуда. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Светлана Бычкова мәлімдеді, ол бұл проблеманы осылайша шешуге болады дейді.

«Егер дәрігер соққы жеген баланы көрсе, ол үнсіз қалмай, құқық қорғау органдарына хабарлауы тиіс. Мектепте де солай – педагог көңіл-күйі жоқ немесе соққы жеген оқушыны байқаса, бір шара қолдануы тиіс», - дейді Светлана Бычкова.
Балалармен жұмыс істейтін қызметкерлерге салынатын айыппұл Сенат балалардың құқығын қорғау қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысы туралы заңды мақұлдаған соң жүзеге асырылады.