​Өскемен әкімі #HappyНаурыз челленджін бастады

15 наурыз, 13:35

Өскемен қаласының әкімі заман ағымымен бірге жүріп қана қоймай, челлендждерді де бастауда. Мысалы, Instagram желісіндегі тікелей эфир кезінде Жақсылық Омар мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған қайырымдылық жобасын бастады.

Жақсылық Омар тікелей эфир барысында көпбалалы отбасынан шыққан мектеп оқушысы Ануар Қадыровтың хатын оқыды. 16 жасар жеткіншек өзіне, іні-қарындастарына Наурыз мейрамына компьютер сыйлауды сұраған. Әкім осы өтініштен сырт қала алмағанын айтып, әріптестерімен бірге жеткіншекке ноутбук сыйлады әрі бүкіл Қазақстан бойынша #HappyНаурыз челленджін басталды. Ол кәсіпкерлерден осы идеяны қолдауды сұрады.

«Қаланың барлық кәсіпкерлерін, жомарт жүректі жандарды челледжге белсене қатысып, қайырымдылық жасауға шақырамын. Себебі Наурыз – мейірімділік пен жақсылық мерекесі», - деді Өскемен әкімі.
Қалалық әкімдік киіз үйлерде аста-төк дастархан жаюдан бас тартты. Орнатылған барлық киіз үйлерге еркін кіріп, танысуға болады.