Валюта:
  • USD / KZT - 508.5
  • EUR / KZT - 580.66
  • RUB / KZT - 6.44
  • облачно с прояснениями 24°C

Мектептен себепсіз қалғаны үшін төленетін айыппұл көлемі белгілі болды

15 сәуір, 16:03

Балаларды мектептен қалған ата-аналар 7 575 теңге немесе одан да жоғары көлемде әкімшілік айыппұл төлейді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді. Айыппұл салар алдында бұл мәселені кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия қарайды, одан әрі прокуратура істі сотқа беріледі.

"Білім туралы" заңда әрбір ата-ана өз балаларының білім алуына жауап береді деп айтылған. Сондықтан, егер бала мектепке бармаса, бұл мәселені арнайы комиссия қарайтын болады. Айыппұл мөлшері 3 АЕК (7 575 теңгеден) және одан жоғары. Ол үшін бізде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия бар, мұндай балалардың саны бізде әрдайым бақылауда. Бірақ ата - аналар ата-ана құқығынан айыруға дейін соқтыратын жауапкершілікке тартылады.", - деді вице-министр.

Сот алдымен әкімшілік істі қарайды. Өз міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайда ата-аналарға айыппұл салынады.