Шымкент қаласының әкімі "7-20-25" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді жеңілдікпен несиелеуге арналған алғашқы сертификаттарды табыс етті

09 қазан, 05:15

Өздерінің кәсіби мерекесіне орай қаланың 19 ұстазы осындай сыйлық алды. "7-20-25" бағдарламасы бойынша тұрғын үйді жеңілдікпен несиелеу сертификаттарының мәні - әкімдік бастапқы жарна сомасының жартысын субсидиялайды, яғни жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар банкке алғашқы жарнаның 10 пайызын ғана төлейді.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында қала әкімдігі мен "Баспана" компаниясы арасында меморандумға қол қойылғаннан кейін шымкенттіктерде осындай мүмкіндік пайда болды. Мегаполис басшысы жас отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін бастапқы жарна сомасының жартысын жергілікті бюджет субсидиялайтынын айтты

Қазіргі таңда "7-20-25" бағдарламасына қатысу үшін 394 миллион теңгені құрайтын 38 өтініш келіп түскен.