Жас авиаконструктор Ордабасы ауданында тұрады.
14 жастағы Ерлан Нұрғали болашақта ұшқыш болғысы келеді. Бұл саланың қыр-сырын әзірден бастап үйренуге білек-сыбана кірісіп кеткен ол ұшақтың бір түрі дельтаплан жасап шығарды. Өнертапқыш оқушы оған төрт ай уақытын жұмсапты.
«Дельтапланды тоқ көзіне қоса отырып, жел арқылы көкке көтереді. Бұл аспан ұшағы ауылшаруашылығына ыңғайланып, егістік алқабына химиялық дәрі-дәрмек шашуға арналған» - дейді жас техник.
Ермектің балалық қиялын жүзеге асыруға өзі білім алатын мектептің ұстазы Сансызбай Оспанов себеп болған. Мәскеудің жоғары оқу орнын «авиаконструктор» мамандығы бойынша тәмамдаған ол Кеңес дәуірінде екі бірдей қолдан ұшақ жасап, шетелдіктерге сатқан. Енді, міне, авиаконструктор алған білімін өз шәкірттеріне үйретуде.
Айта кетерлігі, Ерлан Нұрғали таяуда ғана Өскемен қаласында өткен республикалық «Ұлы өнертапқышқа алғашқы қадам» байқауынан жүлдемен оралды. Қазіргі уақытта Ордабасы ауданындағы Төрткүл жалпы орта мектебінің сегінші сыныбында оқиды. Физика мен химия пәндерін сүйіп оқиды.