​Түркістан облысында құны 12 млн теңге тұратын контрабандалық кептірілген жемістер тәркіленді

14 желтоқсан, 12:23

Өзбекстаннан Қазақстанға келген жүк пойызын «Сарыағаш ст.» кедендік бекетінде қарау барысында қызметкерлер құжаты рәсімделмеген тауарды – кептірілген жемісті анықтады. Жалпы салмағы 35 289 келі кептірілген жемістің жалпы құны 12 260 710 теңгені құрайды, деп хабарлайды Түркістан облыстық МКД баспасөз қызметі.


11 желтоқсан күні жеміс тасымалдағыштар Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің назарына тағы да ілікті. Екі теміржол вагонын кедендік бақылау кезінде жалпы салмағы 90 830 келі болатын кептірілген жемістер жеткізілгені анықталды. Жүктің жалпы құны 27 138 870, 20 теңгені құрайды.
Қазірті таңда Түркістан облыстық МКД осы факті бойынша жауапты тұлғаларды ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту іс-шаралары қолға алынған.