Өрт макулатура қабылдайтын қоймада орын алды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz.
Қойма аумағы екі сағат бойы қызыл жалынған оранған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына барған кезде қойма шатыры, 30 тоннаға жуық нығыздалған жиналмалы макулатура, сонымен қатар пластик ыдыстар жанып жатқан. Төтеншеліктер өртті дереу сөндіруге кірісіп, тілсіз жауды толықтай ауыздықтады. Оған 13 техника жұмылдырылып, жеке құрамның 48 адамы тартылды. Әзірге оқиғаның шығу себебі анықталмады. Алдын ала болжам бойынша өрттің орын алуына электр құрылғысының апаттық режимі, электр құрылғысын пайдалану кезінде және монтаж жасағанда өрт қауіпсіздігінің сақталмауы және от жағу кезіндегі салғырттық себеп болуы мүмкін.