24 ақпан, 17:56
Қазақстан азаматтарына коронавирустың өршуіне байланысты Оңтүстік Корея, Таиланд және АҚШ елдеріне бармауға кеңес берілді.
Еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин Қытайда коронавирус жұқтыру жағдайының төмендегенін атап өтті. Мысалы, өткен аптада өсім 0,5%, ал кешегі күні - 0,3% құрады.
Алайда, әлемнің басқа елдерінде, атап айтқанда, Италияда коронавирус ауруына шалдыққандар санының күрт өсуі орын алды. Бұл елде соңғы бір тәулікте 134 адам вирусты жұқтырған.
Оңтүстік Кореяда 600-ден астам адам індетке шалдықса, Сингапур, Иран, Таиланд және Малайзия елдері де қауіп төндіреді. Бас санитар сондай-ақ АҚШ пен Вьетнам елдері де қауіпті елдер тізіміне енгенін атап өтті. Осы ретте Жандарбек Бекшин қазақстандықтардан жоғарыда атап өткен елдерге бару үшін алған билеттерін кері қайтарып, сапарды кейінге қалдыруға кеңес берді. Себебі тізімге енген мемлекеттерге барған турист алдымен сол елде, кейін Қазақстанға оралған соң тағы 14 күн карантинге жабылады.