25 мамыр, 13:05
Бүгін барлық мектепте соңғы қоңырау үні естілді.
Қала әкімі Нұрлан Сауранбаев №45 мектеп-

гимназиясында өткен «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиынына қатысты.
Қала басшысы оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жас түлектерге өзінің ақ тілектерін арнады.


2017 жылы 6 жаңа білім беру нысандары және 4 қосымша ғимарат пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 3 жаңа, 4 қосымша ғимаратты тапсыру жоспарланған.
Биыл Шымкентте 8 мыңға жуық оқушы мектептен түлеп ұшты. Олардың 70%-ы ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген. Мектеп бітірушілер 29 мамыр мен 9 маусым аралығында қорытынды аттестаттаудан өткізілсе, 20 маусым - 1 шілде аралығында ҰБТ тапсыратын болады.