​Түркістан облысында 37 жолаушы жолда қалып қойды

18 қаңтар, 15:04

2019 жылдың 18 қаңтары күні сағат 02:55-де шұғыл кезекшілердің басқару пультіне Түлкібас ауданы Келтемашат ауылы маңындағы Алматы-Ташкент-Термез тасжолында техникалық ақаудың салдарынан «Neoplan» жолаушылар автобусының жолда тұрып қалғаны туралы хабарлама түседі. Шымкенттен Астанаға бет алған жолаушылар көмек сұраған.

Төтенше жағдай департаментінің шұғыл тобы мен өрт сөндірушілер қызметінен 4 маман және 1 арнайы техника оқиға орнына аттанып, 1 сағатта келіп жетті.
Келтемашат ауылынан жылыту орнына 12 адам жеткізілді, арасында Өзбекстанның 1 азаматшасы және 2 бала бар. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Қалған 37 адам автобусты тастап кетуден бас тартты. Жаңа автобус келгенше олар өрт сөндірушілердің «Урал-Вахта» вахталық көлігінде жылынып отырды.