Зейнет жасына келсе де ел басқарып жүрген «қарт» шенеуніктер кімдер?

28 мамыр, 11:43

Елімізде жасы алпысты алқымдаса да бүгінде ел басқарып, биліктің тізгінін ұстап жүрген шенеуніктер аз емес. Олардың арасында облыс әкімдерінен бастап биліктің әр саласында жүрген шенеуніктер де бар.

Зейнет жасына келсе де көп жылдар бойы билікте жүрген Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековтың жасы бүгінде 64-те. Қызмет жолында әкім, сенат депутаты, министр болып үлгерген ол бүгінде президент әкімшілігін басқарып отыр.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Парасаттылық пен ізеттілік сияқты асыл қасиеттерді бойына жинай алған Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың да жасы алпыстан асып кетті. Бір жылдары елдің сыртқы істер министрлігін басқарған шенді премьер-министр қызметін де атқарған еді. 65 жастағы азамат бүгінде сенат төрағасы қызметін ақтарып жүр.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Ел есінде Алматы мен Астана қалаларының әкімі ретінде қалған Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовтың да жасы 62-ге келіпті. Әр жылдары президент әкімшілігін, Атырау, Алматы, Астана қалаларын басқарған Тасмағамбетов қазір Қазақстанның Ресейдегі тілшісі қызметін абыроймен атқарып жүр.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Сол сияқты облыс басшыларының да арасында зейнет жасына келген әкімдер бар. Солардың бірі – Амандық Ғаббасұлы Баталов. 1952 жылы дүниеге келген шенеунік қазіргі таңда Алматы облысының әкімі қызметін атқаруда.

Зейнет жасына келсе де ел басқарып жүрген «қарт» шенеуніктер кімдер?

Зейнет жасына келсе де ел басқарып жүрген «қарт» шенеуніктер кімдер?

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Кенжетайұлы Ахметовтың да жасы пайғамбар жасынан асып кеткен. Бір кездері ел үкіметін басқарған ол біраз жыл бойы биліктен қол үзіп қалғаны да жасырын емес. Тек 2014 жылы ғана Ахметов Шығыс Қазақстан облысының басшысы қызметіне тағайындалды.

Зейнет жасына келсе де ел басқарып жүрген «қарт» шенеуніктер кімдер?

Зейнет жасына келсе де ел басқарып жүрген «қарт» шенеуніктер кімдер?

Зейнет жасына келіп, күні бүгінге дейін ел басқарып жүрген әкімдердің бірі – Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімі болып үлгерген Сапарбаев бүгінде Ақтөбе облысының басшысы қызметін атқарып отыр.

Зейнет жасына келсе де ел басқарып жүрген «қарт» шенеуніктер кімдер?

Зейнет жасына келсе де ел басқарып жүрген «қарт» шенеуніктер кімдер?

Күні кеше ғана өзінің 63 жасын тойлаған облыс әкімінің бірі – Қырымбек Елеуұлы Көшербаев. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарын басқарған шенеунік қазіргі таңда Қызылорда облысының әкімі қызметін атқаруда.

Фото ашық дереккөзден алынды