Полиция қыздың анасын іздейді.
Астанада сәбидің денесі Есіл өзенінде табылды, деп хабарлайды Астана қаласының ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «Комсомольская правда».
Полицияның мәліметтеріне сүйенсек, 24 мамырда сағат 14: 00-де Есіл өзенінде М.Мұқатаев көшесінің бойындағы жағалаудағы көпірдің маңында жаңа туылған әйел жынысты шақалақтың денесі табылды.
«Астана қаласының Ішкі істер департаменті ҚР ҚК 100-бабына негізделген (жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі) алдын-ала тергеу ісі басталды. Сот-сараптамасы тағайындалды. Ананың аталған қылмысты құрудағы және қылмысты ашудағы мақсатты шаралар кешені жүріп жатыр», - деді полиция.