Ұлы Отан соғысында қаза тапқан зауыт қызметкерлеріне қойылған ескерткіш Ломоносов көшесінде орналасқан Молда Мұса атындағы №5 мектептің аумағына көшірілетін болды. Мұндай шешімді қала әкімдігі қабылдады. Болашақ ескерткіштің жобасы әзірленді. Оған майданға аттанып, елге қайта оралмаған барша зауыт қызметкерлерінің есімдері жазылатын болады. _ Еске салсақ, «Жеңіс күні» мерекесі қарсаңында ескерткіш маңында шу шыққан. Майданға аттанған зауыт жұмысшыларының есімдері қашап жазылған мәрмәр тақталар қатты бүлінген еді. Дегенмен, ҰОС-на қатысқан барша зауыт қызметкерлерінің есімдерін Абай саябағында орналасқан «Даңқ» мемориалынан табуға болады.