2019 жылдың маусымынан бастап қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Нұр-Сұлтан мен Стамбул қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 5-тен 6-ға дейін ұлғайтады, деп хабарлайды ААК баспасөз қызметі.
Қосымша рейстер A320 типті әуе кемелерінде орындалады.
Сондай-ақ 2019 жылдың
шілде айынан бастап Turkish Airlines түрік
авиакомпаниясы Нұр-Сұлтан
мен Ыстамбұл қалалары арасындағы рейстер
санын аптасына 5-тен 7-ге дейін арттырады.
Қазақстан астанасы мен Стамбул арасындағы
рейстердің жалпы саны аптасына 11-ден
13-ке дейін ұлғайтылатын болады.
Turkish
Airlines әуекомпаниясының қосымша рейстері
Б 737 типті әуе кемелерінде орындалатын
болады. Рейстердің ұлғаюы екі достас
елдер арасындағы өзара қарым-қатынасты
одан әрі нығайтуға, сондай-ақ екі елдің
шығу және келу туризмін табысты дамытуға
ықпал ететін болады.