26 наурыз, 14:00
Үкіметтің отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 2018 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің өсімі қарқынды жоғарылап, 4,1%-ды құрағанын мәлімдеді. Инвестиция көлемі 1,1 трлн теңгеге өскен. Бұған қоса 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Ендігі тапсырма машина жасау болуы тиіс.
– Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ секілді ірі мұнай-газ кен орындарының өсу қарқынын ескере отырып бұл сектордың да даму мүмкіндігі жоғары екенін атап өту керек. Ауыл шаруашылығы техникасына назар аудару керек. Жалпы, автокөлік өндірісі, осы бағытта барлық шараны қолға алу керек, - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Бұған қоса Мамин металлургиялық өндірісте тұрақты дамуды қамтамасыз етудің қажет екеніне назар аударды.
– Мұнда Арселор Миталл өсудің жағымды қарқынына шығуы маңызды, - деді ол.
Сонымен қатар қарапайым заттар экономикасы мәселелеріне баса назар аудару керек.
– Біз өңдеу өнеркәсібінің маңызды секторларын, жобаларды анықтадық. Сондықтан нақты нәтиже болуы тиіс. Бұл импорт алмастыруға да, халықты өнімді еңбекпен қамтамасыз етуге де қосымша қарқын береді. Шикізат емес экспорттың мәселелері бізге кәсіпорындардың экпортты әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Премьер-Министр Zakon.kz тілшілеріне.