"Қазатомпром "ҰАК"АҚ қызметкерлері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің назарын өзіне аударды.
"Әлеуметтік желілерде "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ қызметкерлері еңбекақысын қысқартуға және қызметкерлер санатын төмендетуге шағымданған бейне үндеуі таратылды", — деп жазды Қанат Құлшманов өзінің Faсebook парақшасында.
ҚР кәсіпкерлік кодексінің 144 бабы, 3 тармақ, 6-тармақшасына сай «Адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ оларды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жүгінімдері;»-делінген.
"Осыған байланысты ҚР Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау
және көші-қон комитеті Нұр-сұлтан қалалық
ортаның бақылау және сапа басқармасына
"Қазатомпром "ҰАК"АҚ
жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы
хат жолдады. Тексеру нәтижелері қосымша
хабарланады", - деп түсіндірді Қанат
Құлшманов.