Белгілі адвокат Абзал Құспанды қазақстандық көптеген қыздардың басқа елдердің азаматтарына тұрмысқа шығатыны алаңдатып отыр. Ол шетелдіктерге салық салуды ұсынды. Бұл идея ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалуға негізделген, деп жазады Евразия бірінші телеарнасы.
Біздің қыздарға үйленер алдында шетелдіктер мемлекет қазынасына салық төлеуі тиіс. Абзал Құспанның бұл ойы әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.
– Ұлттың болашағы назардан тыс қалуда. Бұл туралы қасыңдағыларға айтқанда олар «бұл етсек өзге ұлт өкілдерін ренжітіп алуымыз мүмкін, қазір уақыт басқа. Қыздар өздеріне ұнаған адамдармен бірге бола алады» дейді. Осылайша ұлтымыздың болашағына салғырттықпен қарайды. Егер біз ойламасақ, кім ойлайды? Шешімін табуы тиіс сұрақтап өте көп, - дейді заңгер Абзал Құспанов.
Заңгердің айтуынша, біздің қыздарымыздың білім деңгейі жоғары. Сондықтан олардың шетелге кетуі демографиялық жағдайға ғана емес, ел экономикасына да кері әсер етеді. Ал заңды «қалыңмал» - мемлекетке өтемақы секілді. Бұл ұсыныс туралы тұрғындар да пікірін білдірді.
«Егер мұндай шешім қабылданса, мен оны қолдаймын. Себебі, мемлекет басшылары не істеу керегін, ненің дұрыс, ал ненің бұрыс екенін біледі. Ал өзім қазақ жігітіне тұрмысқа шығамын». «Менің ойымша, бұл – дұрыс емес. Себебі әр адам өзге адамды ұлтына қарамастан жақсы көруі тиіс». «Әркімнің өз құқығы бар. Және ешкімнің біреуден өмірін қалаған адаммен байланыстырғаны үшін салық салуға міндеттемейді. Мұндайды түсінбейді екенмін». «Егер ер адамға бір қыз ұнаса, екеуі бірге өмір сүргісі келсе, ол үшін неліктен салық төлеуі тиіс? Бұл дұрыс емес деп ойлаймын».
Статистикаға сенсек, 2017 жылы мыңнан астам қазақ қыздары Қытай, Ресей және Түркия азаматтарына тұрмысқа шыққан. Егер осы жағдайдағы салық кейбір қоғам белсенділері ұсынғандай 10 мың АҚШ доллары болса, онда мемлекет 10 млн АҚШ долларын жоғалтты. Дегенмен, ақшаның сомасы емес, адамның ойы маңызды, дейді мамандар.
– Ол ой, мысалы, шетелдік азамат шынымен де қазақ қызына, Қазақстан азаматына үйленгісі келетін болса жақсы рөл ойнауы мүмкін. Яғни, сол «қалыңмалды» төлеуге дайын ба?, - дейді социолог Жәнібек Сейтбатталов.
Депутаттардың айтуынша, мұндай заңды айналып өтетіндер де табылады. Ал демографиялық проблеманы шешу үшін тәрбиеден бастаған дұрыс.
– Біз ең алдымен өз балаларымызды дұрыс тәрбиелеуіміз қажет. Себебі, балалар өздері жастайынан көріп өскенді істейді. Ал шетелдіктерге салық салу туралы осындай заңды қабылдамас бұрын ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет, - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбилянов.
Қазақстандық қыздар үшін шетелдік азаматтардан «қалыңмал» талап ету идеясы жаңа туындап отырған жоқ. Қыздарымыз да бұрыннан отандастарымызға қарағанда шетелдікдер жақсы әрі қалталы деп ойлайды. Дегенмен, махаббат – ойыншық емес.