Шымкентте «Жолда қабылдау» акциясы басталды

05 сәуір, 19:06

Халықпен кері байланысты, полиция бөлімдері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету үшін бүгін 5-сәуір күні қаланың адам көп шоғырланатын орталықтарында «Жолда қабылдау» акциясы басталды.

Сағат таңғы 9-дан бастап азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қала орталығында әкімшілік полиция, көші-қон қызметі басшылары азаматтарды мобильдік қабылдау жүргізуде. Азаматтардың көп жиналатын орындарында арнайы жабдықталған автобустар жасақталды. Мобильдік қабылдау кезінде тұрғындар автокөліктерді тіркеу, әкімшілік айыппұлдарды анықтау және оларды қалай, қайда төлеу бойынша халыққа қызмет көрсетілетін қызмет, жаңартылған жол белгілері туралы ақпараттар алды.

Қазіргі таңда акцияға 506 қала тұрғыны жүгінді. Акция барысы Шымкент қаласы Полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында (@police_17_kz , Facebook - Шымкент қаласының Полиция департаменті) тікелей эфирде көрсетілуде. «Жолда қабылдау» акциясы ертең де сағат 09:00-19:00 аралығында өтеді.