Түлкібас ауданы жаңғақ жинау бойынша рекорд орнатты

12 сәуір, 11:51

Түлкібас ауданында 600 тонна жаңғақ жинады. Мұндай жаңғақтардың дәнінде жүрекке қажетті магний мен калий көп, сондай-ақ анемияны емдеу үшін қолданылады.

2018 жылы Түлкібас ауданының тауар өндірушілері 257 гектар алқапқа жаңғақ отырғызды. Статистика көрсеткендей, осы егістен 627 тонна өнім жиналды. Биыл ауданда 135 гектар жерге жаңғақ отырғызу жоспарлануда.

Түлкібас ауданы тек алмасымен ғана емес, енді жаңғағымен де танымал ауданға айналды.